«Ертөстік» бөбекжайы» КМҚК - ны жайлы қысқаша мәлімет
«Ертөстік» бөбекжайы» КМҚК - ны ең алғаш 22.12.2020жылы №48/4 қаулысымен «Ертөстік»» бөбекжайы болып құрылып, қолданысқа берілген болатын. Бөбекжайымызда 7 педагог, оның ішінде 1 педагог декреттік демалыста, 21 кіші қызметкер еңбек етеді. Сонымен қатар екі «Қайсар» және «Гүлдер» аралас тобы бар. Қазіргі таңда 35 бүлдіршін тәрбиеленуде. Олармен тәрбиешілер, психолог жұмыс жасайды. «Білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу - ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығын. (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы
5 тамызда № 29031 болып тіркелді.), «Қазақстан Республикасы мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу - ағарту министрінің 2022 жылғы 9 қыркүйектегі № 394 бұйрығына және Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу - ағарту министрінің 2022 жылғы 14 қазандағы № 422 бұйрығын басшылыққа аламыз. Бөбекжайымыздың жемісті жұмыстардың көрсеткіштерінің бірі балаларды мектепке сапалы дайындау болып табылатындықтан білім беруге жүргізілетін мониторинг тәрбиеленушілердің жеке тұлғасын жан - жақты дамыту мына бағыттар бойынша: Физикалық даму, балалардың коммуникативтік, танымдық, зияткерлік, шығармашылық дағдыларын, зерттеушілік қабілеттерін дамыту, әлеуметтік - эмоционалдық дағдыларын қалыптастыру келесі ұйымдастырылған іс - әрекеттерді кіріктіру арқылы жүзеге асырылады.